22 Мамыр, 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ 2009 ЖЫЛҒЫ ЕСЕП ТУРАЛЫ

436 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің 2010 жылғы 7 мамырдағы №985 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы туралы 2009 жылғы есеп бекітілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қа­ражаты 2009 жылғы 31 жел­тоқсанға 4 500 703 126 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза ак­тивтері 4 009 528 878 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады. 2009 жылы Ұлттық қорға 1 378 100 414 мың теңге түсті, оның ішін­де мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсім­дері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қос­па­ғанда) – 1 371 362 802 мың теңге, оның 467 377 170 мың теңгесі (3 329 148 мың АҚШ долларына бара­бар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қор­дың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы тү­сім­дер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын опера­ция­лардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 6 083 054 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сату­дан түсетін түсімдер – 654 091 мың теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер – 919 317 487 мың теңге. Ұлттық қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шоты­нан есепті кезеңде жалпы сомасы 2 898 030 мың теңгеге шығыстар жүргізілді. “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” Қазақстан Республикасы­ның 2006 жылғы 25 қарашадағы №189 Заңына сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жа­бу­ға кепілдендірілген трансферт түрін­де жоспарланған 843 100 000 мың тең­гені 843 100 000 мың теңгесі ауда­рылды, ол жоспардың 100% құрады. “Қазақстан Республикасының Ұлт­тық қорынан берілетін 2009 жыл­ға арналған нысаналы трансферт ту­ралы” Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің 2009 жылғы 27 нау­рыз­дағы №777 Жарлығына сәйкес 2009 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке жұмыспен қамтуды қам­та­масыз ету, жұмыссыздықтың елеулі өсу деңгейін болдырмау және дағда­рыс­тан кейінгі тұрақты дамуға жағ­дай жасау үшін мақсатты трансферт түрінде жоспарланған 347 900 000 мың теңгеден 261 500 000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 72,2%-ын құрады. Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойын­ша 2009 жылы алынған ұлттық ва­лю­тада көрсетілген инвестициялық табыс 919 317 487 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың басқаруға байла­ныс­ты қызметтің транспаренттілігін қам­тамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2009 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге) Баптың атауы      2009 жылы           2008 жылы 1              2              3 Активтер Ақша және оның баламалары       200 429 000           49 161 183 Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін  қаржы құралдары    3 536 888 162        3 258 923 673 Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар    276 814 215 Туынды қаржы құралдары             1 568 264               4 901 962 Дебиторлық берешек       2 543       1 259 171 Активтер жиыны               4 015 702 184        3 314 245 989 Міндеттемелер мен таза активтер Туынды қаржы құралдары             1 956 773               2 466 448 Кредиторлық берешек     4 216 533               2 408 017 Міндеттемелер жиыны    6 173 306               4 874 465 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер    4 009 528 878        3 309 371 524