«Бизнес үшін ең маңыздысы – реттеудің тұрақтылығы мен салынған күш-жігердің қорғалуы. Біз дамуымызды бірнеше жыл алға жоспарлаймыз, сондықтан түсінікті әрі сенімді институционалдық орта қажет», деді ол.
Әсіресе капиталды көп қажет ететін салалардағы кәсіпкерлер өз стратегияларын 7-10 жыл алға құрады. Жаңа Конституция жобасы кәсіпкерлік еркіндігін және өз мүлкіне билік ету құқығын бекітетін құқықтық негіз қалыптастырады. Монополиялық қызмет заңмен шектеліп, жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Бұл нарықта тең жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қуатты бизнес елдің өндірістік және кәсіпкерлік әлеуетін қалыптастырады. Ал қуатты экономика қуатты мемлекетке тең», деп атап өтті Динара Шүкіжанова.
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады
Оның пікірінше, өкілеттіктерді қайта бөлу және мемлекеттік институттардың есептілігін арттыру экономикалық саясаттың бірізділігін күшейтіп, реттеудегі күрт өзгерістер тәуекелін азайтады.