Қоғам • 22 Шілде, 2022

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы өтетін күн белгіленді

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы өтетін күн белгіленді

Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі қарау 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат 9:30-ға белгіленді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.

Осыған байланысты басты сот отырысын 2022 жылғы 14 маусымда сағат 14:45-те өткізу белгіленген еді. Алайда, Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Бұған судьяның өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуі себеп болды.

Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова былтырғы желтоқсанда қамауға алынған. Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алу күдігіне ілінген. Күдіктілер Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алған.

Онымен бірге мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алу күдігіне ілінген. Күдіктілерге Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігімен қылмыстық іс қозғалды.