Тағайындау • 12 Шілде, 2022

ІІМ жүйесінде ашық кадрлық тағайындаулар өтті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция қызметтерінің басшылары лауазымдарына кандидаттарды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІІМ жүйесінде ашық кадрлық тағайындаулар өтті

Министр Марат Ахметжанов пен оның орынбасарлары үміткерлердің қызметтегі жетістіктерін, кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады.

Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша:

– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Қанат Нұрмағамбетов;

– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары лауазымына Олег Цой;

– ІІМ Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымына Байболат Майтанов;

– Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары лауазымына Ермахан Абдраманов;

– Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Жанаев тағайындалды.