![Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды](/media/2022/06/26/crop-15_6_557x830_2206261221571773g.jpg)
«25 маусымда Біржан сал және Бұланды аудандары аумағында 30 м/с жылдамдықпен соққан қатты жел саларынан 3 мектеп пен 38 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшты. Көптеген ғимарат бүлінген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ дауылдың салдарынан электр бағаналары құлап, бірқатар елді мекен жарықсыз қалған.
Апаттан келген шығын көлемін жергілікті атқарушы органдар анықтап жатыр.
Аяна Тоғанбек