Аймақтар • 15 Маусым, 2022

Ақтөбеде су құбырын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбенің Темір ауданында шенеуніктер Кеңкияқ пен Шұбарқұдық ауылдарындағы су құбырын жөндеуге бөлінген қаражатты талан-таражға салған. Бюджеттің 14 миллион теңгесін жеп қойды деп айыпталған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болған Жәнібек Айдашев пен оның екі сыбайласы сотталды, деп жазады Egemen.kz Астана тв арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде су құбырын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды

Сот материалы бойынша, аталған бөлім басшысы коммуналдық мекемесінің директорымен сөз байласып, өзінің досына тиесілі мердігер мекемемен құбырдың жөнделгені туралы жалған құжаттар жасаған.

Сөйтіп, үшеуі бюджет қаражатын өзара бөліп алған. Сотталушылар кінәні толық мойындап, ұрланған қаражатты мемлекетке қайтарған. Бірақ жазадан қашып құтыла алмады.

«Сот үкімімен Айдашевқа 2 жыл 6 ай, Советоваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың екеуі де өмір бойына мемлекетік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Тілеуғалиге 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатыла отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше