Әлем • 09 Маусым, 2022

Иранда пойыз апатынан қаза тапқандар саны 21-ге жетті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның оңтүстік-шығысында пойыз экскаватормен соқтығысып, вагондар рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранда пойыз апатынан қаза тапқандар саны 21-ге жетті

Ислам Республикасының Мемлекеттік темір жолы басқаратын пойыз Тегераннан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 550 шақырым (340 миль) орналасқан Табас қаласынан Йезд қаласына дейін 350-ге жуық адамды тасымалдаған. Сол маңда экскаватормен соқтығысып, төрт вагон рельстен шығып кеткен. Салдарынан 21 адам қаза тауып, 87 жолаушы жарақат алған. Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушылар әлі жұмыс істеп жатыр.

Иран президенті Ибрахим Раиси пойыз апатына байланысты көңіл айтып, оның себептеріне қатысты тергеу жүргізілетінін хабарлады.

 Салтанат Кенжебай