Қоғам • 07 Маусым, 2022

Үй арендасын субсидиялауға 19 мыңнан аса адам өтінім берді

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 маусымға дейін берілген өтінім саны – 19 285, оның 4750-і мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үй арендасын субсидиялауға 19 мыңнан аса адам өтінім берді

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Оның көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, салық қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені.

Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

- алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,

- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,

- қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887.

Еске сала кетейік, жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы 18 сәуірде іске қосылған болатын.