Әлем • 06 Маусым, 2022

Елизавета патшайымның тәж кигізу рәсімін қайта жасады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өзінің тарихи билігінің 70 жылдығын тойлаудың соңғы күні Букингем сарайына келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елизавета патшайымның тәж кигізу рәсімін қайта жасады

Королевамен бірге оның отбасы мүшелері - Чарльз бен жұбайы Корнуолл герцогинясы Камилла, ханзада Уильям мен Кембридж герцогинясы Кэтрин үш баласымен қатысты.

Бұл жолы ашық жасыл киініп, әдемі таяқ ұстаған 96 жастағы патшайым залдан күлімсіреп шықты. Ол Юнион Джектің туын қолына алғанда жиналған қауым шапалақтап, мәз болысты. 

Елизавета ІІ  мерейтойға орай өзіне көрсетілген құрметке риза екендігін жеткізді. 

Айта кетейік, бұл монархтың мерейтойы кезінде балконға үшінші рет шығуы еді. Бұған дейін ол отбасымен бірге ұшып бара жатқан ұшақты бақылаған. Ал бейсенбі күні «Түрлі түсті» әскери шеруден оралған сарбаздардың отшашуын тамашалды. Сол күні кешке ол Виндзор қамалындағы маякты жағу рәсіміне де қатысқан еді.


Жексенбі күнгі балконға шығу рәсімімен мерейтой кеші әдемі аяқталды. Бұған дейін оның құрметіне арналған халықтық байқауға қатысу үшін Лондонның орталық көшелеріне 6 мың адам шыққан.
3 шақырымдық жолды Ұлыбританияның әскери қызметкерлері, суретшілері, негізгі жұмысшылары мен еріктілері жүріп өтті. Осыдан 70 жыл бұрын өткен тәж кигізу рәсімін қайта жасады. Ал карнавал шеруі Вестминстер көшелерімен, сауда орталығы мен Букингем сарайына дейін жетті. 

Гүлдана Елубай