Аймақтар • 01 Маусым, 2022

Қызылордада қару-жарақ жасырылған орын анықталды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орын анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада қару-жарақ жасырылған орын анықталды

Бұл жер ҚР Ішкі істер министрлігі және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің бірлескен жедел іс-шарасы барысында белгілі болды.

«Полиция қызметкерлері далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орынды анықтады. Ол жерден шолақ мылтық, тапанша, оқтар, асхана пышағы, каска, резеңке таяқ (дубинка), темір қол кісені және арнайы киім алынды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Аяна Тоғанбек