Оқиға • 24 Мамыр, 2022

Ақмола облысында бесінші қабаттан құлаған әйел көз жұмды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Ақмола облысында бесінші қабаттан құлаған әйел көз жұмды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 23 мамырда болған.

«Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.