«12 мамырдағы жағдай бойынша, 98 адам зардап шеккен, оның 16-сы ауруханаға жатқызылған, 38 адам ауруханадан шығарылды және 44 адам қайтыс болды», делінген министрліктің Telegram-каналында.
Ауыр халде жатқан алты адамның екеуі бала. Жалпы кәмелетке толмаған төрт бала ауруханаға жатқызылған.
Еске сала кетейік, өткен аптада гаваналық Saratoga қонақүйінде таңғы уақытта жарылыс болды. Жарылыстың салдарынан қонақүй жанындағы 17 ғимарат зақымдалған, оның ішінде мектеп те бар. Жарылыс болжаммен газ толы цистернаның тұтануынан болған. Билік бұл жағдайды жазатайым оқиға деп атады.
Аяна Тоғанбек