Елорда • 12 Мамыр, 2022

Елорданың бірқатар ауданында су уақытша тоқтатылады

2212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-14 мамырда Нұр-Сұлтанда бірқатар ауданда су болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорданың бірқатар ауданында су уақытша тоқтатылады

«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, биыл 13 мамыр сағат 22:00-ден бастап 14 мамыр таңғы 09:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты елордадағы бірқатар ауданда су беру тоқтатылады.

Есіл ауданы:
Мәңгілік ел даңғылы, Nova city тұрғын үй кешенінің аумағы,
Заречный т.м, Тельман т.м, Пригородный т.м, BI Village/FamilyVillage, Қабанбай батыр даңғылы;

Алматы ауданы: 
Мыңжылдық аллеясы аумағы, Оңтүстік-Шығыс т.м, оң жағы, Қалдаяқов – Тәуелсіздік – Панфилов – Аманжолов көшелері, Бауыржан Момышұлы көшесі, Абылай хан даңғылы, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Рақымжан Қошқарбаев, Мұқан Төлебаев, Кенен Әзірбаев көшелері, A-62, Жаңа теміржол вокзалының аумағы, Темірбек Жүргенов, Баянтау, А-98, Шәмші Қалдаяқов көшелері, Жұмекен Нәжімеденов, Ахмет Байтұрсынұлы, Дипломатиялық қалашық көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Иван Панфилов, Анатолий Храпатый көшелері, Сарайшық шағын ауданы.

«14 мамыр сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу бойынша жұмыстарға байланысты қысым төмен болады. Елорданы сумен қамтамасыз ету үшін бұл жұмыстар жүргізілуі керек», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025