Әлем • 19 Сәуір, 2022

Ауғанстанда жұқпалы аурудан 130-дан астам бала қайтыс болды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Ауғанстанда қызылшадан 130-дан астам бала қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстанда жұқпалы аурудан 130-дан астам бала қайтыс болды

Қазір елде жұқпалы ауру өршіп тұр.

«Талибан» уақытша үкіметінің ресми деректері бойынша бүкіл Ауғанстан бойынша 16 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала ауырып жатыр. Өткен жылғы көрсеткіш биылғыдан үш мыңға аз болған.

Сонымен қатар ауру көбінесе ұзақ уақыт тамақтанбау салдарынан, сондай-ақ вакцина алмаған балаларға әсер етуде. 

Аяна Тоғанбек