Экология • 17 Сәуір, 2022

Заңсыз балық тасымалдаған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

1 мин
оқу үшін

Кеше Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекциясы бөлімі жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз балық тасымалдаған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

Рейд барысында сағат 10:30 шамасында Арал ауданының Қарашалан-Бөген автожолында «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру барысында Шөмішкөл елді мекенінің тұрғыны тиісті құжаттарсыз жалпы салмағы 1261 кг балық тасымалдағаны анықталды. Келтірілген залал 2 317 466 теңгеге жеткен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20