Оқиға • 16 Сәуір, 2022

Ақмола облысында жоғалған жігіт табылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі күн бұрын жоғалған 26 жастағы сазгер аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жоғалған жігіт табылды

Оны іздеуге Жарқайың аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті волонтерлер жұмылдырылды. Ер адамды бүгін таңертең жол бойында кетіп бара жатқан жүргізуші көріп, өзінің таныстарына айтқан.

«Алдын ала ақпарат бойынша, жоғалған ер адам екі түнді көшеде өткізген. Оған қатысты заңсыз әрекеттер болған жоқ. Қазіргі уақытта ол үйіне жеткізілді»,  деді ведомство өкілдері.