Оқиға • 04 Сәуір, 2022

Түркістан облысында өртенген үйден екі баланың денесі табылды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 13 жастағы екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында өртенген үйден екі баланың денесі табылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған.

Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй отқа оранып, 180 шаршы метр аумақ өртенген. Салдарынан үйдің бірінші қабатының төбесі опырылып түскен.

Құтқарушылар оқиға орнынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірімнің денесін алып шықты.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025