
«Сауль Альвареске қарсы өткізген алғашқы екі шайқастың нәтижесіне бас ауыртпаймын. Аталған жекпе-жектердің нәтижесі мені толғандырмайды. Өйткені мен өткен шақты емес, болашақты ойлаймын. «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жек өтсе, мен ол шайқасқа басқаша оймен дайындаламын. Қандай да бір қателіктерді түзеу туралы ойламаймын. Мен кәсіпқой бокс әлемінде біреуге бірдеңені дәлелдеу үшін жүрген жоқпын. Ең бастысы жарқын мәнерде жеңіске жетуге тырысамын. Мен өзімді өте жақсы сезінгендіктен кәсіби мансабымды жалғастырып келемін», деді Геннадий Головкин DAZN-ға берген сұхбатында.