
Қазақстандық боксшы «Жапония жеріне «Big Drama Show»-ды әкелетін күнді асыға күтіп жүрмін» деп жазған болатын. Отандасымыздың неліктен сол ұранды жиі қолданатынын сұраған журналистердің біріне Геннадий Головкин: «Жапония жерінде үлкен жеңіске жетуді көздеп отырмын. Жекпе-жекті барынша жарқын мәнерде жеңгенді жөн көремін. «Big Drama Show» ұраны – жарқын жеңістің синонимі», деп жауап берді.