![Ермұхамет Ертісбаев партия төрағасы болып сайланды](/media/2022/03/28/crop-12_7_436x888_80e2e28c9b3a947d8453df1ab29ef563_l.jpg)
ҚХП парламенттік фракциясының бұрынғы басшысы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ермұхамет Ертісбаев партия мүшелеріне сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, сенімді толық ақтау үшін күш-қуатын, білімін және саяси тәжірибесін жұмсауға уәде берді.
«Қазақстан Халық партиясы – солшыл-орталық партия. Мен үшін бұл – өте маңызды. Мен өмір бойы социалист болдым», деді ол.
Жаңа төраға қазіргі таңда қазақстандықтардың ҚХП-ға деген сенімі айтарлықтай артып келе жатқанын атап өтті.
«Халық партиясы деген атаудың өзі уақыт өте келе оның мәслихаттарда, Мәжілісте, Сенатта үстемдік ету керектігін меңзейді», деді Ермұхамет Ертісбаев.