
Әйгілі Италия құрамасы әлем чемпионатына жолдама үлестіретін електік кезеңнің жартылай финалында сүрінді. Солтүстік Македония құрамасына қарсы жасыл алаңға шыққан Италия футболшылары қарсыластарына 0:1 есебімен жол беріп, төртжылдықтың басты додасынан тыс қалды. Бұған дейін Италия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмаған болатын. Енді биыл Катарда өтетін додаға жолдама иелене алмады.