Аймақтар • 25 Наурыз, 2022

Ақмола облысында бір ауыл сусыз қалды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су айдау мұнарасы құлап, тұрғындар сусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақмола облысында бір ауыл сусыз қалды

Бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Қазір су тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқиға орнына арнайы мамандар келген. Олар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды.

«Макинка тұрғындарына екі көлікпен су жеткізілді. Ертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі су айдау мұнарасының астындағы іргетас қозғалса, онда бұзып, жаңасын орнату қажет болады», деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.