
Мюнхендік команда бундеслиганың жиырма жетінші туры аясында Берлиннің «Унион» командасымен кездесіп, қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл нәтижие Мануэль Нойердің кәсіби мансабындағы үш жүз он бірінші жеңісі ретінде тіркелді. Осылайша ол Германия құрамасының аты аңызға айналған қақпашысы Оливер Канның рекордын жаңалады. Оливер Кан кәсіби мансабында үш жүз он матчта жеңімпаз атанған болатын.