
Ә дегеннен шабуылға иек артқан Том Аспиналлдың жүзінен жарқын мәнерде жеңіске жетуге деген талпыныстың табы аңғарылып тұрды. Ол ақыры қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты. Самбишн тәсілін сәтімен қолданған ұлыбританиялық оғлан ресейлік спортшыны кәсіби мансабында оныншы рет жеңілуге мәжбүрледі.