Кәсіпқой бокс • 17 Наурыз, 2022

Биволға «Канелоны» жеңудің жолын айтты

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев отандасы, WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Дмитрий Биволға «Канелоны» жеңудің жолын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап. 

Биволға «Канелоны» жеңудің жолын айтты

«Сауль Альварес кәсіби мансабын керемет деңгейге көтеріп алды. Ол алдағы кездесуінде жеңілістің кермек дәмін татпаған Дмитрий Биволға қарсы шаршы алаңға шығады. Алайда Биволда жеңіске жететін тамаша мүмкіндік бар. Ол өзінің күшіне, техникасына сенгені ләзім. Сонымен қатар «Канелоның» шеберлігін асыра бағалаудың түкке қажеті жоқ. Мен бірнеше рет қарсыластарымды асыра бағалаймын деп, жаттығу процесі кезінде өзімді қатты қинап жібердім. Ондай қателікке бой алдыруға болмайды. Өз басым Дима үшін қуаныштымын. Ол «Канелоны» жеңе алатын боксшы екені даусыз», дейді Сергей Ковалев.