Қоғам • 15 Наурыз, 2022

Үкімет басшысы азық-түлік қорын қайта пысықтауды тапсырды

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысына Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы азық-түлік қорын қайта пысықтауды тапсырды

«Біздің еліміз негізгі азық-түлік тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етілгенін және дүрлікпе сұраныс пен үрей үшін себептер жоқ екенін атап өткім келеді», деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Ол Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде соңғы жылдары азық-түлік тауарларына сұраныс пен бағаның күрт өскенін атап өтті. Сондықтан ол отандық өндірісті кеңейту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу есебінен ішкі нарықты тауарлармен молықтыру бірінші орынға шығатынын түсіндірді.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде бірінші кезектегі міндет - азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін, олардың дүкендер мен базарлардың сөрелерінде жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Осы бағытта жоспарда көзделген іс-шаралар егіс алқаптарын әртараптандыру, мал шаруашылығын кешенді дамыту, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, сақтау және логистика инфрақұрылымын дамыту есебінен іске асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған», деді Әлихан Смайылов.

Бұл ретте Үкімет басшысы нарықты азық-түлікпен молықтыру жөніндегі шаралар азық-түлік өндірісі мен тұтыну теңгерімін ескере отырып жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.

«Бағаларды реттеудің қолданыстағы тетіктерінің тиімділігіне бағалау жүргізу және бағаларды әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдауға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлеу қажет. Бағаларды тежеудің әкімшілік тұтқалары нарықтық емес әдіс ретінде белгілі, баға тұрақтылығын ынталандырудың басқа әдістерін де пайдалану қажет», деп қосты Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, форвардтық жеткізу жүйесін дамыта отырып, АӨК және сауда субъектілері арасында ұзақ мерзімді тұрақты шаруашылық байланыстарды орнату бойынша шараларды қарастыру қажет.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегіндегі маңызды буын - шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасы. Бұл бағытта ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды жетілдіруді, тамақ өнімдерін сертификаттауды жүргізу қажет», деп атап өтті Премьер-Министр.