Қазақстан • 15 Наурыз, 2022

Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамауға алынды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақтелекомның» қаражатын аса ірі көлемде ұрлау дерегі бойынша ұсталған Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамауға алу туралы сот шешімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамауға алынды
Тиісті шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарды.

«2022 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалдыұлы Қайратқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», делінген қалалық соттың сайтында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге ​​жатпайды.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.