Әлем • 10 Наурыз, 2022

Ресей үшін Беларусь елі де санкциядан көз ашпай тұр

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еурополық Одақ іске жедел кірісті. Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдің тағы 14 бизнесмені мен Федерация кеңесінің 146 мүшесіне санкция салды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ресей үшін Беларусь елі де санкциядан көз ашпай тұр

Бұдан бөлек, Ресей теңіз кеме қатынасына да шектеулер енгізіп тастады. Қысқасы, Еуроодақ «қара тізімге» қосқан азаматтардың қарасы 862-ге, ал ұйымдар саны 53-ке жетіп отыр.

Брюссель ресейліктердің еуропалық алаңдарда криптовалютамен операция жүргізуіне де тосқауыл қойды. Сондай-ақ Еуропалық Одақ Беларусь еліне де қаржылай санкциялар салып, осы елдің үш ірі банкін SWIFT төлем жүйесінен шығарды.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58