
«Мен оны қатты жек көрсем де, Диллианға жанкүйер боламын. Егер ол жеңіске жетсе, кейін оны өзім жеңгім келеді. Ал қазір мен оның жанкүйерімін. Диллиан Уайт Тайсон Фьюридің қандай тәсілдер қолданатынын әбден зерттеп, оған қарсы қару табуға тырысуы керек. Диллианның талмай тер төгіп, қарсыласының осал тұсын табатынына сенгім келеді. Солай болса деген тілегім де бар», дейді Энтони Джошуа өз ойымен бөлісіп.