
ESPN журналисті Майк Коппинджер тың дерекпен бөлісті. Оның айтуынша, «Канело» үш кездесуден 160 миллион доллар табыс табатын көрінеді. Мексикалық боксшы мамырда жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволмен жұдырықтасқаннан кейін қыркүйекте отандасымыз Геннадий Головкинге қарсы үшінші рет рингке көтеріледі. Ал жылдың соңында тағы бір мәрте шаршы алаңға шығады. Үшінші қарсылас кім екені әзірге белгісіз. Мексикалық боксшымен үшінші рет кездесуге отандасымыз Геннадий Головкин де келісім берген.