
Бұл туралы «Тараз» футбол клубы ресми мәлімдеді. Жуырда ғана футболшы «Астана» футбол клубымен бірге Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанған болатын. БАҚ өкілдері футболшы мен елордалық клуб бір маусымға арналған келісімшарт жасасуға жақын екенін хабарлаған еді. Алайда екі жақ келісімге келе алмаған секілді. Енді Елдос тағы бір маусым «Тараз» сапында ойнайды.