
Боксшылар бірінші жекпе-жекте әлемнің абсолютті чемпионын анықтай алмай тең түскен болатын. Олар екінші кездесуді 19 наурызда өткізуге бел буған еді. Алайда Кастаньоның жарақат алуына байланысты кездесу уақыты 3-4 аптаға кейін шегерілді. Соған қарағанда әлемнің абсолютті чемпионы сәуір айының аяғына қарай анықталатын секілді.