Аймақтар • 06 Ақпан, 2022

Ақмолада есірткі тасымалымен айналысқан бойжеткен ұсталды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының полицейлері «дәріханалық» есірткінің тасымалымен айналысып жүрген 21 жастағы бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада есірткі тасымалымен айналысқан бойжеткен ұсталды

Қызды Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері ұстады. Тексеру кезінде бойжеткеннен героиннің синтетикалық опиаты болып табылатын бірқатар дәрі-дәрмектердің 55 таблеткасы мен есірткі әсерін күшейту үшін қолданылатын зат бар 12 бөтелке тәркіленді.

«Ұсталған азаматша жедел уәкілдерге «микс», «лира» және т.б. бірнеше бетбелгі қойып үлгерген орындарын көрсетті, нәтижесінде қыздан «трамадолдың» 5 қорабы, «тропикамидтің» 14 құтысы, «лириканың» 5 таблеткасы және «сомнолдың» 5 таблеткасы тәркіленді», деп түсіндірді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Тиісті сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

«Күдіктіден ұялы телефон тәркіленді, ол арқылы ол аталған дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқан. Медициналық куәландыруға сәйкес қыздың өзі де сол апиындарды қолданғаны расталды», деді облыстық СӨП МҚБ бастығы полиция полковнигі Мейрам Жапбасов.