
«35 жастағы Риота Мурата екі жылдан астам уақыттан бері шаршы алаңға көтерілген жоқ. Сондықтан оның бойында бір жекпе-жекке ғана жететін күш қалды деп айтуға болатын секілді. Ал бұл шайқаста ол жеңілістің кермек дәмін татса, кәсіби мансабын аяқтай беруіне әбден болады. Керісінше сенсация авторы атанып, қазақстандықтан айласын асырса, жұрт оның «Канеломен» кездескенін қалайтыны даусыз. Өйткені мұндай жекпе-жек жанкүйерлер үшін өте қызықты болмақ», дейді ол өз ойын түйіндеп.