
«Эдди Рейносо мен Сауль Альварес келесі жекпе-жекке қатысты жоспарды құрып жатыр. Біз өз кезегімізде пікірімізді айтамыз. Келесі аптада «Канеломен» кездесуге барамын. Сол кезде оның пікірін тыңдап, бірқатар мәселелерді талқылайтын боламыз. «Канело» қай кезде де Эдди Рейносо екеуіне ұнайтын нұсқаны таңдайтынын ылғи айтып келемін. Ол таңдаған нұсқа біздің ойымызбен сәйкес келеді дегенге сенемін. Мен оның Дмитрий Бивол және Геннадий Головкинмен кездескенін қалаймын. Бұл екі жекпе-жек біз үшін қай кезде де қызық», деді ол IFL.TV-ге берген сұхбатында.