Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022

Көкшетауда өртенген үйден 35 адам эвакуацияланды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласындағы көп қабатты ғимараттардың бірінде болған өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші-құтқарушылар 35 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда өртенген үйден 35 адам эвакуацияланды

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қаңтарда сағат 22:10-да 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

«Шақырту орнына ТЖД-нің 20 қызметкері мен төрт техникасы дереу жіберілді. Бірінші қабаттағы пәтерде 15 шаршы метр алаңда өрт болды, соның нәтижесінде ТЖД күштері баспалдақ маршы бойынша 35 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады», деп түсіндірді ведомстводан.

Сағат 22:10-да ауыздықталған өрт жедел әрекет ету нәтижесінде сағат 22:35-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, пәтерлердің бірінде мүгедектігі бар ер адам болған. Құтқарушылар оны пәтерден арбамен алып шықты.