Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022

Маңғыстау облысында қанша адам ревакцинациядан өтті

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев өңірде қанша адам ревакцинациядан өткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында қанша адам ревакцинациядан өтті

Оның айтуынша ревакцинациядан өткен тұрғындардың басым бөлігі медицина саласының қызметкерлері мен әскерилер.

- Облыста 21 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір қолданыста ресейлік «Sputnik V»; «QazVac»; «Синовак вероселл»; «CoronaVac»; «Pfizer» вакциналары бар. Жалпы екпенің I – компонентімен 205 516, II – компонентімен 183 094 адам егілді, - деді Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында эпидемиологиялық ахуал нашар. Соңғы тәулікте аймақта 134 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20