Кәсіпқой бокс • 21 Қаңтар, 2022

Бекзаттың қарсыласы анықталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уақытында әуесқой бокстан әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетов 5 ақпан күні кәсіпқой рингтегі төртінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекзаттың қарсыласы анықталды

Ақтау қаласында өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы кезекті рейтингілік шайқасқа шығады. Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақ оғланы бұл күні нидерландылық Чико Куасимен жұдырықтасады. 10 раундтық форматта өтетін жекпе-жекте екі боксшы WBO Youth белдігін сарапқа салады.