
«Ұлттық құрамалар сұр мергендерінің арасында тарихтағы ең үздігі болғаным үшін бек қуаныштымын. Жақында 37 жасқа толатындығыма қарамастан, менің футболға деген, гол соғуға деген махаббатым бұрынғыдай күшінде. Өйткені мен бес жасымнан бастап футбол ойнап келе жатырмын. Матчтан бөлек жаттығуға шыққан кездің өзінде мен жеңіске деген құштарлығымды жоғалтқан емеспін. Мен әлі 4-5 жыл бойы жасыл алаңда жарқырап, жанкүйерлерімді қуантсам ба деп жүрмін. Өзімді өте жақсы сезінемін», деді футболшы өз ойын түйіндеп.