
Соңғы деректерге сенсек, екі боксшының командасы жекпе-жекті өткізу мәселесі бойынша келіссөздерді бастап кеткен. Алайда кездесудің қай айда өтетіні туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Әйткенмен қазақ оғланы кезекті жекпе-жегіне дайындықты осы аптада бастайтыны белгілі. Соған қарағанда тараптар келісімге келіп жатса, екі боксшы 2-3 айдың көлемінде рингте кездесуі бек мүмкін.