Бокс • 13 Қаңтар, 2022

Қазақ боксшылары Азия чемпионатына қатыспайды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар қатыспайды. Бұл туралы команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақ боксшылары Азия чемпионатына қатыспайды

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын кейінге қалдырдық. Нақтылап айтар болсам, жиын ақпан айында басталады. Ал 20 қаңтар күні Ташкентте басталатын 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігіне де бармаймыз. Өйткені, елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты елден шығуға рұқсат жоқ.

Мұндай қиын кезеңде біз бірігіп, ауызбіршілік танытуымыз қажет. Қазір жаттығу жиындары да, жарыстар да тоқтап тұр. Дегенмен, келесі айдан бастап барлық жоспарымыз уақытылы орындалады деп сенеміз»,  дейді Қайрат Сәтжанов.  

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 20-30 қаңтар аралығында өтеді. 

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37