Қаржы • 10 Қаңтар, 2022

Зейнетақы мен жәрдемақы штаттық режімде беріледі

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ 2022 жылдың 10 қаңтарында пошта бөлімшелері интернет-байланысы жұмыс істеген сағаттарында зейнетақы мен жәрдемақы беруді штаттық режімде іске асыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақы мен жәрдемақы штаттық режімде беріледі

Тараз, Алматы 9-дан 15:00-ге дейін, Талдықорған 10:00-ден 15:00-ге дейін, ҚР бойынша қалған бөлімшелер зейнетақы мен жәрдемақыны штаттық режімде беретін болады.

«Банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру бойынша жұмыстар басталған. Осы орайда Қазпошта клиенттері 10.01.2022ж. бастап ақшаны бөлімшелерде, сондай-ақ банкоматтардан шеше алады.

Сонымен қатар, «Қазпоштаның» «Оңтүстік» Ақпараттық-логистикалық орталығының Қазақстан бойынша магистралдық маршруттарды іске қосып жатқанына байланысты компания 10 қаңтардан бастап пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен өңдеуді қайта бастайды», деп жазылған ресми хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025