Әлем • 29 Желтоқсан, 2021

Ресейге кірмес бұрын саусақ іздерін тапсыру керек болады

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресейде мигранттар мен шетелдіктерге кіру ережелері өзгерді. Елге жұмысқа немесе 90 күннен астам уақытқа кіретін адамдар саусақ іздерін тапсырып, медициналық тексеруден өтуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейге кірмес бұрын саусақ іздерін тапсыру керек болады

Бұл жаңашылдық 29 желтоқсаннан бастап күшіне енетін заң жобасында қарастырылған. Жаңа ережелер заңсыз иммигранттарды тәртіпке келтіруге, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алуға және жаңа инфекцияларға тосқауыл қоюға көмектеседі, деп жазады Парламенттік газет.

Сонымен, Ресей Федерациясына жұмысқа келген шетелдіктер кірген сәттен бастап 30 күн ішінде дактилоскопиядан өтуі керек. Басқа мақсаттармен келгендерге саусақ іздерін тапсыру мерзімі 90 күнге дейін белгіленген.

Мемлекеттік Думаның пікірінше, дактилоскопиялық тіркеу қылмыскерлер мен террористік ұйымдарға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді.

Сондай-ақ, жаңа нормалар бойынша шетелдіктер медициналық куәландырудан өтуі тиіс. Мерзімі бірдей - жұмысшылар үшін 30 күн, қалғандары үшін - 90 күн.

Мигранттарды дәрігердің тағайындауынсыз есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалану фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ айналасындағылар үшін қауіпті жұқпалы аурулар және АИТВ-инфекциясы тексеріледі.

Ережелер Ресейге еңбек қызметі үшін келмеген шетелдіктерге қолданылмайды, егер олар:

  • Беларусь азаматтары болып табылса;
  • Олар халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып, өз міндеттерін орындау үшін Ресейге келсе;
  • Алты жасқа жетпесе.

Сондай-ақ, құжатта Ресейдің жекелеген субъектілерінде федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорындар ішкі істер саласындағы аумақтық органдарға дактилоскопияны жүргізуге жәрдемдесуі керек делінген.

Бұл іс-шаралардан өту үшін Ресейге келген шетелдіктер ішкі істер министрлігінің аумақтық органына, ведомстволық бағынысты кәсіпорынға немесе уәкілетті ұйымға жеке жүгінуі керек.

Ресейге 90 күннен астам уақытқа келген еңбек мигранттары мен шетелдіктер екі процедурадан бір рет өтеді.

Оларға дактилоскопиядан өткені туралы тиісті құжат беріледі.