
«Жанкүйерлер Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы шайқасты тамашалағысы келетіні даусыз. Алайда бұл жекпе-жек Биволдың жұдырықтасу стиліне байланысты іш пыстырарлық деңгейде өтетіні сөзсіз. Ал жартылай ауыр салмақ дәрежесіне көз тіккен шын жанкүйерлер Бетербиев пен Браун арасында өткен шайқас секілді тартысты кездесуді көргісі келеді. Бивол сөзсіз мықты боксшы екені рас. Әйткенмен оның жекпе-жектері ешкімді қызықтырмайды», деді әйгілі промоутер.