Коронавирус • 28 Желтоқсан, 2021

Қаңтардан бастап «жасыл» мәртебесімен ғана кіруге болатын нысандар саны артады

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап ASHYQ қосымшасымен «жасыл» мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат берілетін нысандар тізімі кеңейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтардан бастап «жасыл» мәртебесімен ғана кіруге болатын нысандар саны артады

«Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, спорт орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ASHYQ қосымшасымен «жасыл» статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша алдын алу іс-шараларын енгізуді ұсынамыз», деді ол.

Осы ретте министр міндетін атқарушы аталған норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынатынын айтты.

«Халықты вакцина салу, жаппай ревакцина жасауды арттыру, сондай-ақ ұсынылатын эпидемияға қарсы іс-шаралар елдегі жағдайдың нашарлауына жол бермейді», деді Жандос Бүркітбаев.



 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025