Оқиға • 24 Желтоқсан, 2021

Екібастұзда санавиация күткен дәрігер қайтыс болды

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екібастұзда санавиация тікұшағын күткен травматолог, хиропрактор қайтыс болды. Сергей Кривоносенконың туыстары тікұшақты үш апта күткенін айтады. Бірақ тікұшақ бұзылып, межелі жерге жетпеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда санавиация күткен дәрігер қайтыс болды

«Оларда басқа тікұшақ жоқ екені белгілі болды. Сондықтан әкемді Павлодардан Нұр-Сұлтанға автокөлікпен жіберді. Жолда қатты шайқалып, жағдайы едәуір нашарлады», деді дәрігердің ұлы Даниил Кривоносенко.

Сергей Кривоносенконың туыстары 15 қарашада аневризма салдарынан миына қан құйылғанын мәлімдеді. Екібастұз қалалық ауруханасының дәрігерлері дәл уақытында кәсіби көмек көрсеткенімен Сергейге Нұр-Сұлтандағы нейрохирургиялық орталықта шұғыл ота жасау қажет болған.

«Күн сайын әкемді емдеген дәрігер Нұр-Сұлтандағы нейрохирургиялық орталыққа жеткізу үшін санавиацияға өтінім жіберді. Болмаған соң, өзіміз Денсаулық сақтау министрлігіне шағым жібере бастадық. Содан кейін санавиация тарапынан әрекет басталды. Бірақ олар көлік те жібермеді. Нәтижесінде, Павлодардан автокөлік жіберілді. Операция жоқ дегенде тоғызыншы күні жасалуы керек еді. Бірақ санавиацияға байланысты операция 7 желтоқсанда ғана жасалды», деп түсіндірді Даниил Кривоносенко.

Оның айтуынша, операциядан кейін әкесі есін жимаған. 22 желтоқсанда таңертеңгі сағат 8-де Сергей Кривоносенко қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпараты бойынша, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында 22 қарашада Екібастұз қалалық ауруханасынан «Ортаңғы ми артериясынан субарахноидальды қан құйылу» диагнозы бар науқасты Нұр-Сұлтанға жеткізу туралы өтінім түскен.

Екібастұздағы әуежайдың қызмет көрсетпеуіне және үлкен әуекемелері үшін ұшу-қону алаңының жарамсыздығына байланысты тікұшақ арқылы жеткізу туралы шешім қабылданған. Кейін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты тікұшақпен ұшу мүмкін болмаған. Ауа райының жақсарғанын күткен кезде қашықтан медициналық қызмет көрсетілген.

Ведомство өкілі 26 қарашада Нұр-Сұлтан-Екібастұз бағыты бойынша Ми-8 тікұшағында техникалық ақау шығып, Өрнек ауылы маңына мәжбүрлі түрде қонғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше