
Иә, салмақ дәрежесіне қарамастан тізілген үздіктер рейтингінде қазақ боксшылары арасынан Жәнібектің шоқтығы биік тұруы заңдылық. Ол осы жылы екі бірдей әлемнің бұрынғы чемпиондары Роб Брант пен Хассан Ндам Нжикамды техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Екінші орынға орта салмақта топқа түсіп жүрген Қанат Ислам орналасса, үздік үштікті бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі Руслан Мадиев қорытындылап тұр.