Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2021

Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне коллекциялық монеталар шығарылады

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкі QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне коллекциялық монеталар шығарылады

«Номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар «Аса көрнекті оқиғалар мен адамдар» сериясын жалғастыруда. Биыл Қазақстанда қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы тойланады», деп жазады ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Монеталардың аверсіндегі орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.

Монетаның сырт жағында Қажымұқан Мұңайтпасовтың портреттік бейнесі, портреттің сол жағында - мерейтойлық күнді білдіретін 150 JYL жазуы, оң жағында - спорттық күрестің сюжеттік фрагменті және дайындалған жылын білдіретін «2021» жазуы, монетаның айналдыра сол жағында - QAJYMUQAN MUŃAITPASULY жазуы орналастырылған.

е

Коллекциялық монеталардың массасы - 15 грамм, диаметрі - 33 мм. Номиналы 100 теңге, таралымы 15 000 дана мельхиор МН 25 қорытпасынан дайындалған монеталар brilliant uncirculated сапасымен әзірленген.

«Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, бөлу және айырбастау үшін өздерінің белгіленген құны бойынша қабылдауға міндетті», деп толықтырды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.