
Отандасымыз колумбиялық Хосе Мигель Торреске қарсы шаршы алаңға шығады. Бектің қарсыласы 42 жастағы кәсіпқой бокс әлемінің ардагері екені мәлім. Ол соңғы жеті жекпе-жегінің бесеуінде қарсыластарына есе жіберген. Бір сөзбен айтқанда қазақ оғланына айтарлықтай қарсылас бола алмайды. Бектің командасы Мәскеудегі бокс кешіне неге мұндай қарсылас таңдағаны белгісіз.