Оқиға • 13 Желтоқсан, 2021

Ақмола облысында өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында өрт кезінде ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін, 13 желтоқсанда, Көкшетау қаласындағы «Алмаз» саяжай кооперативіндегі тұрғын үйде өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 1974 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Үйде болған тағы бір ер адам шығып үлгерген, оның аяқ-қолы мен беті күйіп, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа дәрежеде тұрақты.

Өрт сөндірушілер ас үй бөлмесінен бір газ баллонын алып шықты. Шатырдағы екінші баллон өрт кезінде жарылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте саяжай толығымен өртке оранған, бұл – шақыртудың кеш түскендігін білдіреді. Газ-түтіннен қорғау қызметі бір газ баллонын алып шыққан. Сонымен қатар 1974 жылы туған ер адамның денесі табылды», деді Көкшетау қаласы  басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.